«Озық Ұрпақ» жобасы аясында Өскемен қаласында робототехника бойынша турнирді өткізу қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 2 сәуірде Өскемен қаласындағы IT-мектеп-лицейі базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Бұл турнир заманауи технологияларды зерттеуге жағдай жасау және инженерия, IT және инновациялық бағыттарға қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Турнир оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытудағы маңызды қадам болды, оларға роботтарды бағдарламалау мен жобалау дағдыларын бағалап, жетілдіруге мүмкіндік берді. 

Іс-шара «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өтті. Жоба шеңберінде Өскемен қаласының төрт мектебінде робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді. 

Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 27 оқушы қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейі мен креативтіліктерін көрсетті.

Турнир қорытындылары: 

«Роботек» категориясы: 

– I орын – Сағатова Дария, Мұхаметқалым Шыңғыс, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ оқушылары; 

– II орын – Толқын Нұрислам, Азаматұлы Алихан, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары; 

– III орын – Айдын Инабат, Қабдрахман Ақнұр, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары. 

«Инверстік сызық бойымен жарыс» категориясы:

– I орын – Жұмабеков Нұрдаулет, Жұмабеков Жандаулет, «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары; 

– II орын – Ашимов Алихан, Еркін Жасұлан, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ оқушылары; 

– III орын – Ануарбеков Ерсін, Самарбеков Әли, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі» КММ оқушылары. 

Турнир жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

I дәрежелі диплом иегерлері өз жобаларын мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатында таныстыру мүмкіндігіне ие болады. 

Бұл турнир жастар арасында робототехника мен инженерлік шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ білім беру мекемелері мен ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал еткен маңызды оқиға болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968533?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді