
Алқа отырысында Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма басшысы Қантөре Хандиллаев баяндама жасап, онда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың көбеюіне қатысты алаңдатарлық статистиканы атап өтіп және құқық қорғау органдарының жұмысындағы орын алып жатқан жүйелі проблемаларға тоқталды.
– қорғау нұсқамаларының орындалуын формальды түрде бақылау;
– істерді тергеп-тексеру кезіндегі процессуалдық заң бұзушылықтар;
– аудандардағы құқықтық тәжірибенің әртүрлілігі;
– дағдарыс орталықтарының жеткіліксіз жұмыстары.
Өз кезегінде қала прокуроры тұрмыстық зорлық-зомбылық істерін тергеуде қадағалауды күшейтуді, полиция департаментіне қатысты анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды.
Шымкент қалалық прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/968456?lang=kk

Жауап қалдыру