ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі қалалық ведомствоаралық штаб отырысы өткізілді.

Жиынға штаб мүшелері, ауыл әкімдері, бөлім мен мекеме басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде нашақорлыққа қарсы және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жобасы талқыланды. Штаб отырысында қалалық полиция бөлімі, қалалық білім бөлімі және Ащысай ауыл әкімдіктерінің баяндамалары тыңдалды.

Кентау қаласы әкімінің орынбасары, штаб төрайымы А.Байболова штаб мүшелерінің ұсыныстарын назарға алып, алдағы атқарылар жұмыстар туралы тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/967765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді