Қала әкімі ПИК өкілдерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі Талғат Мұратов пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен және өкілдерімен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, кооператив өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Кездесу барысында аулаларды абаттандыру, қоқыс шығару, сенбілік ұйымдастыру, тұрғын үйлерді күтіп-ұстау және басқа да мәселелер көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

«Семей – біздің ортақ үйіміз. Қаламызды көркейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан әр тұрғынның, әр ұйымның белсенді қатысуы маңызды. Бірлесе әрекет етсек, қаламыздың келбетін жақсартып, өмір сүруге жайлы етуге толық мүмкіндігіміз бар», – деді Талғат Мұратов.

Кездесу қорытындысы бойынша әкім тиісті мекемелерге заң аясында мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріп, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/969275?lang=kk