«Қарағанды-Антитеррор-2025»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласының аумағында терроризмге қарсы Қарағанды облыстық жедел штабымен «Қарағанды-Антитеррор-2025» жеке жаттығу өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Күштік органдары жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, кепілге алынғандарды босату және келіссөздер жүргізу бойынша жедел әрекет ету дағдыларын шыңдады.

ҰҚК, полиция департаменті және медициналық қызметтің жеке құрамы әртүрлі жағымсыз сценарийлер бойынша лаңкестік әрекеттерге жауап беруде практикалық тәжірибе мен дағдыларды жинады.

Терроризмге қарсы жеке жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді және пысықталды.

 

Материал Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД ақпаратының негізінде дайындады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/969335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді