«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Акция барысында Балпық, Айту би ауылдық округтары мен Үштөбе қаласы бойынша нысандар мен көшелердің дұрыс рәсімделуіне рейд жұмыстары жүргізілді.
Акция мақсаты аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру болып табылады.
Аталған іс шараға Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Акиремова, Үштөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Нұрсултанова, аудандық құрылыс, сәулет, және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы С.Құдайбергенова, аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы А.Қази қатысты.
Рейд барысында ғимараттардың сыртқы безендірілуі, көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының бұзылуы бойынша бір қатар сауда нысандары иелеріне ескерту берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/968091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді