
2025 жылғы 27 наурыз бен 2 сәуір аралығында Щучинск қаласында жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының VI Жастар ойындары өтті. Жарысқа еліміздің өңірлерінен 12 команда қатысты.
Жас баскетболшыларымыз Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Алматы қаласының командаларын жеңді. Шешуші матчтарда Қостанай облысының командасы тамаша ойын сапасын және жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, турнирде жүлделі орынға ие болуға мүмкіндік алды. Финалда бірінші орын үшін спортшылар Астана қаласының командасынан ғана ұтылғанын атап өткен жөн.
Барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларды осы жетістікпен құттықтаймыз және баскетболшыларымыздың алдында әлі де көптеген жеңістер бар екеніне сенімдіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/968686?lang=kk

Жауап қалдыру