Қазақстан ТЖМ құтқарушылары ауқымды азаматтық қорғаныс айлығын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Еліміздің барлық өңірлерінде азаматтардың төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыруға және құтқарушы мамандығын танымал етуге бағытталған айлық өткізілді. Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында өткізілген шараның тақырыбы «Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі».

  Іс-шараларға 3 миллионнан астам адам қатысып, жалпы 55 742 іс-шара өткізілді. ТЖМ бөлімшелерінің жұмысын көрсетуді, тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды, спорттық эстафеталарды, білім беру мекемелерінде дәрістер өткізуді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерде экскурсияларды қоса алғанда, 17 негізгі іс-шара ұйымдастырылды. Айлық ақпараттық-насихаттау іс-шараларын іске асырудағы маңызды кезең болды.

  Маңызды қадамдардың бірі инновациялық технологияларды енгізу болды. Мысалы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жақын маңдағы эвакуациялық пункттерді жедел анықтау үшін бірегей Telegram-ботты іске қосты, бұл ден қою жылдамдығы мен тиімділігін арттырды.

  Биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда өткізілген іс-шаралар да, қамтылған халық саны да айтарлықтай өскені байқалады. Бұл кешенді тәсіл, қоғаммен өзара іс-қимыл және заманауи технологияларды қолдану арқылы мүмкін болды. Азаматтардың ТЖ-ға дайындық деңгейі артып келеді, бұл халықтың даярлық деңгейі жоғары екенін, азаматтық қорғаныс жүйесі барлық қатысушыларының тиімді жұмысын көрсетеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/969660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді