
ШҚО Зайсан ауданының тұрғынына шұғыл медициналық көмек қажет болды. Науқасты әуе арқылы жедел тасымалдау үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» «Ми-8» тікұшағы тәжірибелі санавиация дәрігерлерімен жіберіліп, науқасты жеткізу ұйымдастырылды.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Бауыржан Бутенбаев 1969 жылы туған ауыржағдайдағы науқас әйелді Зайсан ауданынан облыс орталығына медициналық мекемеде одан әрі көмек көрсету үшін тікұшақпен жедел жеткізді.
Санавиация дәрігерлері облыс орталағына жеткенше науқастың жағдайын бақылап отырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/967094?lang=kk

Жауап қалдыру