
Астанада Халық қаһарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, есімі аңызға айналған Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр!
«Фестивальде әуелі өнер иесінің өмірі мен шығармашылығын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтіп, Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концертімен жалғасын тапты. Күні кеше өңірлік филармония ұжымдарының концерті ұйымдастырылса, 10 шақты облыс өнер майталмандары арасында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының “Жетісу сазы” фольклорлы-этнографиялық ансамблі де өз өнерлерін паш етті.
Қорытынды кеште 4 сәуір күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі концертін қояды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/970043?lang=kk

Жауап қалдыру