
2025 жылғы 23 наурыз бен 1 сәуір аралығында жамбылдық құтқарушылар Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында су сорғызу және инертті материалдар толтырылған қаптармен дамбаларды бекіту жұмыстарын жүргізді. Осы кезеңде олар 73 124 м³ суды сорып шығарды, 150 қап дайындап, төсеу жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, ұзындығы 50 метр, биіктігі 50 см жер білігі инертті материалдармен нығайтылды.
Осы превентивті шараларды жүргізу үшін 2025 жылғы 23 наурызда Жамбыл облысынан Ақмола облысына 21 құтқарушы мен 5 арнайы техника жіберілді.
Бүгін құтқарушылар тұрақты орналасқан жері – Тараз қаласына оралды. Оларды әріптестері мен отбасылары қазақтың ең жақсы дәстүрлеріне сай құрметпен қарсы алды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/969320?lang=kk

Жауап қалдыру