Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен көмекке келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Алтай ауданында қардың қалыңдығы 77 см. дейін жетеді. Сол маңдағы Соловьево ауылының жанында екі ер адам снегоходпен қарлы жолда жүре алмай, қарда батып қалды. Олар ара омартасынан ауылға қайтар жолда снегоходпен қозғала алмай, «112» қызметіне көмек сұрап жүгінді.

Құтқарушылар оқиға орнына жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жетіп, 1976 және 1974 жылы туған азаматтарды Соловьево ауылына аман-есен жеткізді.

Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/968052?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді