САРЫАҒАШ: МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӘНЕ КІТАПХАНАНЫҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне арнайы барып, Мәдениет елді мекенінде  бой көтеріп жатқан мәдениет үйі және кітапхананың  құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

 

75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы үшін бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан  жерге орналастыру жобасы бекітіліп, қазандық қазу жұмыстары жүргізілуде.

 

Айта кетсек, Түркістан облысында 2024 жылы өткен  «Үлгілі ауыл» облыстық байқауының нәтижесі бойынша жүлделі орынға  ие болған ауылға бюджет есебінен 1 әлеуметтік нысан салуға арнайы қаражат бөлінген. Байқау нәтижесі бойынша Тегісшіл ауылдық округі жүлделі ІІ орынға ие болып, бүгінде Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы бастау алды.

 

 Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/969351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді