
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесі бойынша талқылау өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары М.Байғабулов, аудандық жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Е.Нұрша және аудан және қала аралықтарында жолаушыларды тасымалдауға арналған қоғамдық көліктерді басқарушы «Sar avto» ЖШС-нің директоры Д.Сүлейменов қатысты.
– Қала көшелеріндегі қоғамдық көлік қатынасының және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасына және қауіпсіздігіне айрықша мән беру қажет. Осы орайда, жұмыс кестесін де, маршрут сандарын ыңғайластыру, көліктердің жағдайын жақсарту қажет, – деп атап өтті Арман Абдуллаев.
Қабылдау барысында қалашілік қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі талқыланып, жауапты бөлімге және «Sar avto» ЖШС-нің директоры Д.Сүлейменовке айтылған ұсыныстар бойынша жоба әзірлеп, аудандық мәслихат депутаттарының алдағы комиссия отырысына ұсынуды тапсырды. Салаға жауапты орынбасарына бақылауды жүктеді.
Қазіргі таңда, аудан аумағында 37 қоғамдық көлік 15 бағытта жұмыс жасауда. Жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы 883 ережесіне сәйкес қалаішілік қоғамдық көліктерді жаңарту ұсыныс енгізу жоспарлануда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/968304?lang=kk

Жауап қалдыру