
Бұған дейін Қонаев қаласында бірнеше саяжай кооперативтерінің тұрғындары су желілерін «Қонаев Су арнасы» мекемесіне сыйға тарту шартымен беру бойынша хат жолдаған.
Осыған сәйкес, мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі су жүйесін мемлекеттік мекемеге алу бойынша процестерді жүргізуде.
Егер бұл процесс оң нәтижемен аяқталса, халық ауыз су құнын бекітілген тариф бойынша төлейді. Қазір тариф 1 текше метріне 67 теңгені құрап отыр.
Алайда, халықтың бұл шешімімен Л. Черказьянова келіспей, қала әкімі Асхат Бердіхановқа шағымданып келді. Шаһар басшысы тиісті қаулыны қайта қарап шығуды, сондай-ақ резервтік су жүйесін салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/970077?lang=kk

Жауап қалдыру