
2025 жылдың 31 наурызында облыс орталығында “Senat open 2025” ашық кубогының 2-ші іріктеу кезеңі өтті. Іс-шараға Павлодар облысының 3 қаласы мен аудандарының депутаттары, мемлекеттік қызметшілері, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Біздің қаламыздың намысын жетінші шақырылымның депутаты Рустамжан Мамаджанов, еңбек ардагерлері Владимир Колесников, Николай Мякинький, Леонид Слюсарь, мемлекеттік қызметші Амиргали Ахметов, БАҚ және жұртшылық өкілдері Ермек Балтабаев, Асқар Сәкенов және Андрей Алексеев қорғады.
Екібастұз өңірінің қатысушылары жоғары дағдылар мен зияткерлік қабілеттерін көрсете отырып, лайықты нәтижелер көрсетті. Мықты қарсыластармен күресте біздің шахматшылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Ең жарқын жетістіктердің бірі-үздік шахматшылар деп танылған және 138 қатысушы арасында бірінші және екінші орын алған Асқар Сәкенов пен Андрей Алексеевтің жеңісі болды.
Іріктеу турының қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы бірінші командалық орынды иеленді.
Көкшетау қаласында өтетін жартылай финалда Павлодар облысының атынан 35 жеңімпаз қатысады. Біздің облыс командасының құрамына Екібастұз өңірінің өкілдері кірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/966917?lang=kk

Жауап қалдыру