
3-4 сәуірде Астанада Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтуде.
⠀ Басты тақырып – мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі.
⠀ Бұл маңызды отырысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат өкілдері, оның ішінде Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы Қобланбек Кожин қатысты.
⠀Отырысқа қатысушылар мәслихаттардың тарихи жолын, ағымдағы міндеттері мен даму перспективаларын, сондай-ақ атқарушы билікпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Жергілікті жерлерде мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар отырыстың қорытындысы болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/970160?lang=kk

Жауап қалдыру