Шахматтан «Senat open 2025» 2-ші ашық кубогының іріктеу кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 31 наурыз күні Павлодар қаласында шахматтан «Senat open 2025» 2-ші ашық кубогының іріктеу кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға депутаттар, мәслихат қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мемлекеттік қызметшілер қатарынан 150-ден астам қатысушы қатысты. Іс-шараға Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан департаменттің бөлім басшысы Жанбек Шаймерден, департаменттің бас маманы Күлбағиза Исағұлова, Ақсу қалалық басқармасының жетекші маманы Роман Смағұлов қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен ұйымдастырылған «Senat open 2025» шахмат спортына деген қызығушылықтың жоғары деңгейін растай отыра, елдің барлық өңірлерін қамтиды. Турнир шахматты насихаттауға, стратегиялық ойлау мен зияткерлік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ іскерлік және салааралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Жарыс қорытындысы бойынша ең мықты қатысушылар анықталды, олар күресті жалғастырып, турнирдің келесі кезеңінде Павлодар облысының атынан қатысады. «Мемлекеттік қызметшілер» санатында 3 орын алып, Департаменттің бөлім басшысы Ж. Шаймерден турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/969055?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді