
Пікірсайыс қозғалысы бойынша қалалық жұмыс жоспарына сәйкес білім бөлімінің әдіскері С.С.Сагадиеваның пікірсайыс клубтарының басшыларымен әдістемелік семинары өткізілді. Басты мақсаты әдістемелік көмек көрсету, пікірсайыс қозғалысын дамытуда мәселелерінің шешілуі болып табылады.
Пікірталас қозғалысын дамыту бойынша шеберлік сабақтарын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Биыл іс-шара 23 сәуірде 5-7 сынып оқушылары үшін өткізіледі.
Аталған семинарда мастер-класс өткізудің барлық ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Шахтинск қаласында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөніндегі жұмысты жүргізуге жалпы ұсынымдар мен бірыңғай талаптар әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968177?lang=kk

Жауап қалдыру