
Атырау облысына Әзірбайжаннан Қырғызстанға жолға шыққан өрт сөндіру техникасының колоннасы келді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарушы әріптестерін арнайы техникамен жылы қарсы алды. Атыраулық құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар Ақтөбе облысына сапарын жалғастырып, Бішкек қаласына жолға шықты.
Бұл маршрут — тек шекаралар арқылы өтетін жол емес, өрт сөндіру саласындағы бауырмалдық пен қолдаудың символы. Әрқашан көмек қажет болған жерде болу – құтқарушылардың өзгермейтін ортақ мақсатының көрінісі.
Атырау облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/967753?lang=kk

Жауап қалдыру