ШҚО оқушылары «Таза Қазақстан» аясында құстарға ұя орнатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемен маңындағы Бобровка орманшылығында оқушылар жергілікті құстарға жаңа ұялар орнатты. Экологиялық шараны «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» ұйымдастырып, оған қала мен ауыл мектептерінен 12 команда қатысты.

Орманшылар мен табиғат қорғау мамандары балалардың бұл бастамасына жоғары баға берді. Акцияның мақсаты – биоалуантүрлілікті сақтау мен жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру.

– Осындай шараларға жиі қатысқым келеді. Құстарға ұя жасау – табиғатқа деген жанашырлықтың бір көрінісі, – дейді №38 гимназияның 9-сынып оқушысы Жания Жексембаева.

Бұл дәстүрлі акция құстардың көбеюіне оң әсер етіп, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/967015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді