«ШЫМКЕНТ ДУМАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте 1 сәуір – Халықаралық күлкі күніне орай белгілі сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған «Шымкент думан» республикалық әзіл-сықақ фестивалі өтті. Екі күнге созылған думанды дода әзілсүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға Алматы қаласы, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан да театр ұжымдары келді.

Фестиваль аясында қазақ сатира өнерінің майталмандары Бауыржан Ибрагимов бастаған қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, ең мықты ұжымдарды анықтады.
Қазылар алқасының шешімімен Қызылорда облысының «Күлкістан» әзіл-сықақ театры Бас жүлдеге ие болды. Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры I орын, «Тарту» халықтық әзіл-сықақ театры (Түркістан қаласы) II орынға лайық деп танылды. Көпен Әмірбек атындағы арнайы жүлде – Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры ұжымына берілді.

Барлық жеңімпаз және жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін фестиваль мерекелік концертке ұласты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/968238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді