СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» атты іс-шара өтті.
2025 жылғы 31 наурызда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған «Асқар тау алыстаған сайын айқын көріне түседі» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға департамент қызметкерлері қатысты. Оның барысында Сәбит Мұқановтың ғибратты өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ департамент қызметкерлері үшін жазушының Алматы қаласындағы музейіне «онлайн экскурсия» ұйымдастырылды.
Экскурсия кезінде С. Мұқановтың жастық шағы, студенттік жылдары, жазушы ретінде қалыптасу кезеңі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы айтылды.
Қатысушылардың назарына «Ботагөз» романының негізінде түсірілген фильмнен үзінді ұсынылды. Сонымен қатар, жазушының көзі тірісінде түсірілген бейнематериал көрсетілді.
Іс-шара «Қызықты викторинамен» аяқталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жауап қалдыру