Сүйінбай даңғылының бойындағы жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуырда Сүйінбай даңғылының бойын аралап, көше көріктендіру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, аралау барысында теміржол бойындағы ағаштарды санитарлық қырқу, жарық шамдарының тіректерін сырлау, аялдамаларды ретке келтіру, аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік нысандардың да күшейтуі қажет екені айтылды.

Сонымен қатар нақты әрі тереңірек тәсілді талап ететін бірнеше тапсырма берілді – тұрғындардың жайлылығы үшін «Роща» дүкенінің маңындағы жаяу жүргіншілер жолын абаттандыру, сондай-ақ жазғы маусымға дейін автосуару жүйесін ретке келтіру.

Барлық мәселелер бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/969968?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді