Талдықорғанда тіл тазалығын сақтауға бағытталған акция өтті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұйымдастырушылар – Жетісу облысының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы және “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” ҚБ. Қаламыздың дүкендеріне, емханаларына, дәмханаларына, азық-түлік, киім-кешек дүкендеріне және дәріханаларына, қала тұрғындары мен тұтынушыларға қазақ және орыс тілдеріндегі брошюралар мен тілашарлар таратылды. Тілашарда қоғамдық қызмет көрсету орындарында ең жиі пайдаланылатын сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер, мәтіндер бар. Аталған акция жылына 2 мәрте ұйымдастырылып келеді.
Акцияның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, азаматтардың мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауына көмектесу.
Дүкендерде сатып алушылар мен сатушыларға күнделікті қарым-қатынасқа қажетті диалогтар, емханаларда пациенттер мен медицина қызметкерлеріне түсінікті болу үшін медициналық терминдер қамтылған материалдар, кафелер мен мейрамханаларда қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесетін қазақша-орысша тілашарлар мен сөздіктер, дәріханаларда фармацевт пен келушілерге қажетті медициналық және фармацевтикалық терминдер жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, QR-код арқылы сканерлеп оқуға арналған постерлер ілінді.
Бұл бастама – қоғамдағы тілдік қолдауды арттыруға және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Акцияға қолдау көрсеткен барлық сала қызметкерлеріне алғысымыз шексіз! Тіл тазалығын сақтау акциясы әлі де жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/969470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді