Таза Қазақстан: Балалар үйінің ауласына 200 тал жеміс ағашы отырғызылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған
«Jana jastar» волонтерлік ұйымының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бұл — менің ағашым» акциясы өткізілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция барысында студенттер, оқушылар және белсенді жастардың қатысуымен
«Шаңырақ» балалар үйінің ауласына 200 жеміс ағашы отырғызылды. Олардың қатарында шие, алма, алмұрт ағаштары бар.

– Бүгінгі шараның басты мақсаты — балалар үйінің ауласына жеміс ағаштарын егіп, өскелең ұрпаққа табиғатқа деген қамқорлық пен жауапкершілікті үйрету және ағаштарды күтіп-баптау арқылы еңбекке деген қызығушылықтарын ояту. Осы орайда наурыз айында алғашқы 100 ағашты отырғызсақ, бүгін, міне, қалғандары егілді. Осындай игі жұмыстар әлі де жалғасын табады,- деді Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Еркебұлан Мутигуллин.

Айта кетейік, егілген ағаштарды әрі қарай күтіп-баптау “Шаңырақ” балалар үйі тәрбиеленушілерінің жауапкершілігінде болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/969675?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді