
Өскемендегі трамвай жағдайы әлі де көңіл көншітпейді. Қала әкімі Алмат Акышов трамвай паркіне барып, қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгінде Қазақстан көшесінде, сондай-ақ Мызы, Қабанбай Батыр және Сағадат Нұрмағамбетов көшелеріндегі, соның ішінде көпір маңындағы трамвай жолдарын жаңарту және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 2,7 км рельс пен 1,3 км байланыс сымы ауыстырылды.
«Жөндеу жұмыстарының қарқынына ерекше назар аудару қажет. Жолаушылар ескі трамвайлардың техникалық жағдайына байланысты қиындықтарға тап болуда. Қазіргі трамвайлардың басым бөлігі әбден тозған және жаңартуды қажет етеді», — деді Алмат Акышов.
Осыған байланысты, қала басшысы трамвай қатынасын жаңғыртуда жүйелі тәсілдің жоқтығы үшін жауапты басшылыққа ескерту айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/968366?lang=kk

Жауап қалдыру