
ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕКОМПАНИЯ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАҒА ЖҮК ҰШАҒЫН АТТАНДЫРДЫ
Қазақстандық “Alpha Sky Airlines” әуекомпаниясы Түркістандағы “Әзірет Сұлтан” халықаралық әуежайынан алғаш рет Еуропаға жүк әуе рейсін аттандырды.
Атап айтқанда, “Boeing 757-200F” жүк ұшағы Түркістан қаласынан Кипрге 24 тонна тауарды жеткізеді. Жүк “Temu”, “Shein” және “Amazon” секілді танымал онлайн-дүкендерден тауарларды тасымалдауға маманданған қытайлық “Ou Su Tong” логистикалық компаниясымен жөнелтілген. Негізінен бұл рейс Түркістан облысының логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, Қазақстан арқылы халықаралық жүк тасымалдаудың жаңа тетіктерін ашпақ. Сондай-ақ, Түркістан облысының транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___
ИЗ АЭРОПОРТА ТУРКЕСТАНА КАЗАХСТАНСКАЯ АВИАКОМПАНИЯ ВПЕРВЫЕ ОТПРАВИЛА ГРУЗОВОЙ САМОЛЕТ В ЕВРОПУ
Казахстанская авиакомпания “Alpha Sky Airlines“ впервые совершила грузовой авиарейс в Европу из Международного аэропорта ”Азрет Султан” в Туркестане.
В частности, грузовой самолет “Boeing 757-200F” доставит из Туркестана на Кипр 24 тонны товара. Груз отгружен китайской логистической компанией ”Ou Su Tong“, которая специализируется на перевозке товаров из популярных онлайн-магазинов, таких как ”Temu“, ”Shein“ и “Amazon”. В основном этот рейс расширит логистические возможности Туркестанской области и откроет новые механизмы международных грузоперевозок через Казахстан. Также он направлен на усиление транзитного потенциала Туркестанской области.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968994?lang=kk

Жауап қалдыру