
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1100 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛҒА ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРЕДІ
Биыл облыс аумағындағы автомобиль жолдары саласында жалпы 1103 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жыл қорытындысымен 547 шақырымы пайдалануға беріледі деп көзделген. Оның ішінде, облыстық маңызы бар жолдардың 293,5 шақырымы жол құрылыс-жөндеу жұмыстарынан өтіп, 105,6 шақырымы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 159,5 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 57,5 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, елді мекен көшелеріндегі 480,9 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Жыл қорытындысымен 418,3 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 140 елді мекендегі 389,7 шақырым көшелер жөнделуде. Нәтижесінде биыл жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға жеткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар– 3 983 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым, елді мекен көшелері – 11 305 шақырымды құрайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
____
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В ЭТОМ ГОДУ БУДУТ ПРОВЕДЕНЫ СТРОИТЕЛЬНО-РЕМОНТНЫЕ РАБОТЫ НА БОЛЕЕ ЧЕМ 1100 КМ ДОРОГ
В этом году в сфере автомобильных дорог области будут проведены строительно-ремонтные работы на 1103 км дорог и улиц. По итогам года планируется ввести в эксплуатацию 547 километров. Из них на 293,5 км дорог областного значения будут проведены дорожно-строительно-ремонтными работами, 105,6 км будут введены в эксплуатацию. Кроме того, капитальным и средним ремонтом охвачено 159,5 км дорог районного значения, планируется ввести в эксплуатацию 57,5 км.
Ремонтными работами охвачено 480,9 км дорог улиц населенного пункта. По итогам года будет введено в эксплуатацию 418,3 километра. В том числе по программе “Ауыл – Ел бесігі” отремонтируют 389,7 км улиц в 140 населенных пунктах. В результате в текущем году планируется довести долю дорог местного значения в хорошем и удовлетворительном состоянии с 93,7% до 95%.
Отметим, что общая протяженность автомобильных дорог по Туркестанской области составляет 17 692 километра. Из них дороги республиканского значения – 678 км, дороги областного значения – 3 983 км, дороги районного значения – 1 726 км, улицы населенных пунктов – 11 305 км.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968989?lang=kk

Жауап қалдыру