
27 наурыз күні Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарына алғаш рет қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу мақсатында қабылдау комиссиясының отырысы өтті. Іріктеу қорытындысы бойынша үміткерлер полиция департаментінің орта және кіші басшы құрам лауазымдарына тағылымдамадан өтуші ретінде тағайындалып, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарына алғашқы кәсіптік даярлыққа жолданады.
Кездесу барысында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Ешманов полиция қызметінің ерекшеліктері мен қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, ол әрбір қызметкердің өз міндеттерін адал атқаруы, қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытуы қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/967300?lang=kk

Жауап қалдыру