
Ұлан ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ерік Базарханұлы Құмаров тағайындалды.
Ерік Базарханұлы Ұлан ауданының тумасы, 1977 жылы Никитинка ауылы қазіргі Бозанбай ауылында дүниеге келген, 2 жоғары білімі бар, 1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру мамандығы бойынша, 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылдан бастап ШҚО Глубокое ауданы, Ушанов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызмет өтілі шамамен 17 жыл. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/967526?lang=kk

Жауап қалдыру