Заң мен тәртіп: БҚО мемлекеттік қызметшілері тергеу изоляторындағы жағдайлармен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп принциптерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.

«Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір демократиялық елде тұрақтылық пен әділеттіліктің негізі болып табылады. Бұл қағидатты сақтау сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің маңызды құрамдас бөлігі саналады.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары моральдық құндылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түзету мекемесіне экскурсия ұйымдастырды.

Шараға қалалық әкімдік өкілдері, Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы және барлық қалалық бөлімдердің жетекшілері қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар тергеу кабинеттері, қылмыскерлерге арналған камералар және тұтқындардың серуендеуге арналған аумақтарымен танысты.

Бұл бастаманың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу.

Экскурсия барысында сыбайлас жемқорлықтың салдарын және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Қатысушылар бұл экскурсия олар үшін өз міндеттерін адал орындау және мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін кез келген әрекеттің алдын алу қажеттілігі туралы күшті ескерту болғанын атап өтті.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/969440?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді