
Ұлытау облысында Антикоррупциялық қызмет мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласының қызметкерлеріне арналған тақырыптық дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мамандарына «Заң мен Тәртіп» бастамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жолдары, сондай-ақ заң бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Превенция басқармасының офицері Бақыт Шотов сөз сөйлеп, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын нығайтудағы алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі шаралар мен ұсыныстар таныстырылып, тиісті бейнематериалдар көрсетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара диалог түрінде өтіп, әрбір қатысушы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық материалдар таратылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/967370?lang=kk

Жауап қалдыру