
Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаментінің өкілдері және өңірдегі спорт саласы уәкілетті органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов спорт саласының маңыздылығы мен оны қаржыландырудың ерекшеліктеріне тоқталып, саладағы бірқатар жемқорлық тәуекелдерін атап өтті.
Мемлекет басшысының балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау туралы тапсырмасының аясында «Даму бала» жобасына қатысты мониторинг нәтижесі ұсынылып, ондағы мәселелерге назар аударылды.
Отырыс соңында уәкілетті органдарға жемқорлықты туындататын мәселелер мен тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты ұсынымдар берілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/970128?lang=kk

Жауап қалдыру