«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Таразда студенттермен бірқатар кездесулер өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Заң және Тәртіп» идеясын түсіндіру аясында  М.Х. Дулати атындағы Тараз және Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеттерінде студенттерімен адалдық, әділдік, парасаттылық, сондай-ақ заңды сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын насихаттау мақсатында кездесулер өтті.

Іс-шараларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысып, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсінуінің қоғамдық тәртіпті нығайтудың негізгі жолы екенін атап өтті.

Заң үстемдігі қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықтық жүйенің сенімділігін қамтамасыз етудегі негізгі фактор ретінде қаралды. Заңдардың әділ және біркелкі қолданылуының қоғамға әсері талқыланды.

Сондай-ақ, заң алдындағы міндеттерді орындамау, бұл тек тәртіпсіздік қана емес, кей жағдайда құқықбұзушылыққа да әкелуі мүмкін екендігі айтылды. Кездесу жастар үшін бейнероликтер көрсетілім ұйымдастырылып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Өз кезегінде мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық нормаларға саналы көзқарасын қалыптастырып, әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағының қалыптасуына ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/969300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді