ЖАҢА ҚҰРАМДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданының жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті, оның құрамына Мәртөк ауданының тұрғындары, азаматтық қоғам және коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінен 11 адам кірді. Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.

Отырыс барысында Кеңестің барлық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Шамиль Михайлович Саринов төраға болып сайланды. Сондай-ақ, отырыс барысында Қоғамдық кеңестің ережесіне сәйкес екі комиссияның құрамы мен олардың төрағалары сайланды.

Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру және аудан билігі мен жұртшылығының тығыз өзара іс-қимылын одан әрі дамыту болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/967180?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді