ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елу жылдан аса тарихы бар «Шахан» халық театры бүгінде өз көрерменін тапқан толыққанды өнер ордасы. Қойылымнан қойылымға ізденіспен бара білетін театр ұжымы осы жылдарда толыққанды табыстарға қол жеткізді.

Наурыз айының 27-28 күндері Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруында «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері», халық театрының негізін қалаушылардың бірі, ақын М.Баймурзин атындағы республикалық/моно спектакль/театрлар фестиваль – байқауына Жамбыл облысы атынан Байзақ аудандық мәдениет үйі «Шахан» халық театрының режиссері Бақытжан Байкүшіков Ақылбек Шаяхметтің «Қашқын» моно драмасымен қатысып, бас жүлдені иеленіп қайтты. Осы орайда, бүгін аудан әкімі бас жүлде иегері Бақытжан Үрістемұлын қабылдап, жеңісімен құттықтады. Алдағы жұмыстарына сәттілік пен табыс тіледі. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Асылжан Құрманов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов, әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің директоры Қуандық Құрманәлі қатысты.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/966782?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді