
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық құрылыс, экономика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, спорт және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері басшыларының қатысуымен аудандағы жоспарланған құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттама мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі Нұра кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны сұрағын көтеріп, жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Сонымен қатар, тұрғындарды алаңдатқан мектеп құрылысының мәселесі талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/967693?lang=kk

Жауап қалдыру