Жобаның екінші кезегі бойынша Қайрат шағын ауданында инженерлік желілер салу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Б. Ақжаров нысанға кезекті жұмыс сапарын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат шағын ауданының тұрғындарын орталық коммуникациялармен 100% қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта сумен жабдықтау және кәріз желілері құрылысының келесі кезеңі іске асырылуда. Жоба Қонаев ӨК тұрғын алабын қамтиды.

Қыркүйек айында басталған жобаны іске асыру мерзімі 12 айды құрайды. Бүгінгі таңда 11 км. су құбыры желісі және 3 км. кәріз желісі салынды.

Құрылыс толық аяқталғаннан кейін асфальт-бетон жабыны жолдың ені бойынша қалпына келтіріледі, бұл жұмыстар жобада ескеріледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/969945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді