
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ»: КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ІСІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУДА
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 600-ден астам болашақ жас маман таңдаған салалары бойынша ақпараттармен, кәсіпкерлік ұйымдардан бос жұмыс орындары бойынша мәліметтермен танысты.
Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеріп, қоғамда еңбек адамының қадірін арттыруға арналған шарада жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы оның мән-маңызы насихатталды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ, басқа да кәсіптік-техникалық колледж түлектері еңбек нарығындағы сұраныстарға ұсынылды. Жергілікті мансап орталықтары мен бизнес ұйымдары, колледждер арасындағы өзара әрекеттестік нығайды. Бүгінде еңбек нарығында жергілікті өңір бойынша кәсіптік-техникалық мамандардан бөлек, педагогтарға, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне сұраныс көбейген.
Кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауда кәсіби білім беру жүйесін жетілдірудің маңызы зор. Бұл мақсатта былтыр Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы колледж ашылып, алғашқы талапкерлерін қабылдаған болатын. Колледж студенттеріне арналған жаңа жатақхана ашылып, бүгінде «Көркем еңбек» мамандықтары бойынша білім беруді жүзеге асыруда. Бұл өз кезегінде колледж студенттерінің университетке даяр маман болып келуіне септігін тигізіп қана қоймай, университетке түсу талаптарын жеңілдетіп, қысқа мерзім ішінде аяқтауға мүмкіндік береді. Аталған колледж студенттерінің 98 пайызы мемлекеттік грант негізінде білім алуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/969993?lang=kk

Жауап қалдыру