
2025 жылғы 07 сәуірде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі Байдуллина Аққалқа «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мониторинг жүргізуге барды.
Орталық созылмалы психикалық аурулардан зардап шегетін және тұрақты күтімге, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуға мұқтаж 18 жастан асқан I және II топтағы мүгедек адамдардың тұрақты тұруына арналған стационарлық ұйым болып табылады. Мекеме өз қызметін стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес жүзеге асырады.
Мониторинг барысында қызмет алушылардың тұрмыс жағдайлары, санитарлық нормалардың сақталуы, температуралық режим, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкестігі тексерілді.
Сонымен бірге, жуырда бұқаралық ақпарат көздеріне шыққан аталған мекемедегі тұрғындардың жай-күйімен танысты, қызмет алушылармен әңгімелесті.
Бару қорытындысы бойынша мекеменің қамқорлығындағы адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау үшін уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/971129?lang=kk

Жауап қалдыру