🔥 Тілсіз жау: Алматыдағы ірі өрт дерегі бойынша талдау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11 сәуір күні Алматы қаласы ТЖД-де 2 сәуірде  Новгородская көшесі, 172/2 мекен- жайы бойынша орналасқан бизнес-орталықтың ғимаратында орын алған ірі өрт бойынша талдау өтті.

Өрт қас қағым сәтте таралып, көлемі өрт сөндірушілер үшін үлкен сынаққа айналды. Ғимараттың шатыры мен қаптамасын жалын толық шарпыды.

Өртті сөндіру жұмыстары ғимарат ішіндегі жанғыш материалдардың, әсіресе лак-бояу бұйымдарының болуына байланысты қиындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖМ мен ҚТЖ-ның автопойызы жұмылдырылды. 🚨 Ең бастысы — адам шығыны мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Талдау барысында өртті сөндіруге қатысқан бөлімшелердің әрекеттері сараланып, сауда нысандарында өрттің алдын алу мен дер кезінде жоюдың әртүрлі тәсілдері қарастырылды. 🧯

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/974966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді