🔹️Мәртөк ауылында жолдар жаңартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалық — А.Байтұрсынұлы және С.Сейфуллин көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы 4 шақырым 100 метр болатын бұл көшелерге заманауи талаптарға сай асфальт төселуде.

Жол төсеу жұмыстары сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Қазіргі таңда 30 техника мен 15 маман тартылып, жұмыс қызу жүріп жатыр. Екі қабатты асфальт жабындысы салынады:
• бірінші қабаты — ірі түйіршікті,
• екінші қабаты — майда түйіршікті асфальт.

Жоба мердігері — «Агрофирма Коквест» ЖШС.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылып, ауыл азаматтары жұмыспен қамтылды.

Ауыл көшелері жаңарып, тұрғындарға жайлы орта қалыптасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/973578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді