
2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында азаматтарды жеке өтініштерімен , қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ысқақова, И. Басықараев және Б.Сыздықов қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты мәселелер көтерілді.
– Арай мөлтек ауданындағы Ұ.Оралбай көшесіне жарық шамдарын орнату;
– Сүлейменов көшесі №64 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;
– Пәтер иелері коперативінің тұрғын үйді күтіп-ұстау жұмыстарына көңілдерінің толмайтындығы, кәріз су желісінң тозғандығы;
– Б.Момышұлы көшесі, Ш.Құдайбердиев көшесінен Күлтекенов көшесіне дейін орташа жол жөндеу мәселелері.
Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/974799?lang=kk

Жауап қалдыру