
2025 жылы 10 сәуірде депутат Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасарының «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданының бюджетінің орындалуы туралы» сұрағы және Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі басшысының «2024 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» есебі бойынша және сондай – ақ «Меңдіқара ауданы бойынша эпизоотиялық жағдай, ветеринарлық бақылау мен қадағалауын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың 2024 жыл бойынша жұмысы мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы» «ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.С. Тәтімбековтың және Қостанай облысы әкімдігінің ветеринарлық басқармасы «Меңдіқара ауданының ветеринарлық станциясы» МКК басшысының м.а. С.Ү. Байғожиннің есептерін тыңдады.
Депутаттар белгіледі, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 2024 жыл бойынша 101,6% пайызға орындалған, жоспарда 8 073 260,1 мың теңге, түсімдер 8 073 376,4 мың теңгені (артық орындау 116,3 мың теңге).
Жергілікті бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес және 2024 жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсімдер
105,4 % орындалған, жоспарда 1 898 489,5 мың теңге, нақты түрде 2 014 758,6 мың теңге түсті, бұл 116 269,1 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп.
ЖӨБ бюджеттің кіріс бөлігі 2024 жыл бойынша 100,8% орындалған, жоспарда 1 миллиард 969,6 мың теңге, түсімдер 1 миллиард 985,9 мың теңгені құрады, сонымен қатар нысаналы ағымдағы трансферттер 1 млрд 361,4 млн. теңге және субвенциялар 258,1 миллион теңге, шығындарды өтемақылауға 17 миллион 933,4 мың теңге.
ЖӨБ бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес және 2024 жыл бойынша негізгі капиталды сатудан түсімдер 105,5 % орындалған, жоспарда 272,5 миллион тенге, нақты түрде 287,5 миллион теңге түсті, бұл 15,1 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп.
2024 жылда 14 жоспарланған кіріс көздерінен жоспар барлық көздер бойынша орындалған.
Сонымен бірге комиссия аудандық бюджет, ауылдар мен ауылдық округтерінің бюджеті өмірлік белсенділіктің барлық аса маңызы саласын қамтыған және тиімді орындалған деп есептейді.
Келесі сұрақ бойынша депутаттар белгіледі, аудан аумағында ветеринарлық – санитарлық абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты бақылауда ұстау мен 2025 жылға арналған бекітілген жоспарға сәйкес барлық жоспарланған ветеринарлық іс – шараларды орындауды қамтамасыз ету.
Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/974406?lang=kk
Жауап қалдыру