
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев «Amanat» партиясының аудандық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік көмек, жер мәселелері және жұмыспен қамту сынды түрлі бағыттар бойынша өз өтініштерін білдірді. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтардың көтерген мәселелері аудан әкімдігінің тұрақты бақылауына алынып, заң аясында шешімін табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/974345?lang=kk
Жауап қалдыру