
Бүгін 8 сәуірде Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Костенюк Надежда төрағалығымен мәселелер қаралды:
- Абай даңғылы, 160-үй мекенжайы бойынша жол төсемі мен тротуар жолын орнату мүмкіндігі мәселесі.
- Әуежай шағын ауданын абаттандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен МИБ-дің өзара іс-қимылы.
Кеңеске Асылбаев Сайлау – Әуежай шағын ауданының МИБ төрағасы; Ахметжанов Руслан – тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы; Бегежанов Ерболат – Қостанай қаласы бойынша полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің аға мемлекеттік автоинспекторы; Данильчук Тамара – құрылыс бөлімі басшысының орынбасары; Закарина Ұлболсын – жер қатынастары бөлімінің жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеу секторының меңгерушісі; Кужарова Ангелина – «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ маманы; Лобанский Станислав – ТКШ бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі; Мухамедьярова Альбина – «Қостанай Қамқор» Қостанай облысының МИБ және өт қауымдастығының төрағасы; Омаров Самат – «Абз плюс» ЖШС бас директорының орынбасары, Ширнина Нинель – Абай даңғылы,160 үй, үй бойынша жетекші; Хамидулина Екатерина – сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі, МИБ төрағалары.
Кеңес қорытындысы бойынша Абай даңғылы, 160-үй мекенжайы бойынша жол төсемі мен тротуар жолын орнату мүмкіндігі туралы мәселе назарға алынды.
Әуежай шағын ауданын абаттандыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен МИБ-дің өзара іс-қимылы мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/972102?lang=kk

Жауап қалдыру