
Бүгін Абай облысында көктемгі санитарлық тазалық айлығы аясында алғашқы жалпыөңірлік сенбілік өтті. Іс-шара облыс әкімі Берік Уәлидің өңір тұрғындарына арнаған үндеуіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Сенбілікке өңір басшысы, облыстық мәслихаттың депутаттары, аппарат қызметкерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері белсене қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты. Олар облыстық әкімдік ғимаратының айналасын тұрмыстық және басқа да қоқыстардан тазартып, аула келбетін жаңартуға өз үлестерін қосты.
Тазалық айлығы аясында өңірдің барлық елді мекендерінде көше, аулалар мен қоғамдық орындарды тазарту, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Облыс әкімінің үндеуіне сәйкес, сенбілік шаралары екі ай бойы жалғасып, өңірдің барлық ауылдық және қалалық аумақтарын қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/971218?lang=kk

Жауап қалдыру