
А.ж. 10-11 сәуір аралығында Абай облысының теолог мамандарына республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері болып табылатын Қызылорда облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, дінтанушы Оспанов Б.Е, ҚР ІМ Костанай академиясынын КАЖ мамандарын дайындау орталығының жетекшісі Туйганов М.Е. семинар өткізді. Семинар барысында дәріскерлер теолог мамандарға оңалту жұмыстарының тиімді әдістері мен жолдарын түсіндіріп, сотталушыларды радикалсыздандыру, олармен қалай психологиялық байланыс орнату қажеттігін, деструктивті діни ағымдарының ұстанушылардың психологиялық портреттерін жасау, олардың жасырын жүріс-тұрыс белгілерін анықтау тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы, діни оңалту бағытында жұмыс жасайтын мамандардың біліктіліктерін арттыру қоғамдағы теріс діни идеология әсерін азайтуға ықпал етеді.
Аталған бағыттағы оқыту семинарлары ағымдағы жылы тағы да өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/974878?lang=kk

Жауап қалдыру