
Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде №1 Новоишим ОМ базасында СҚО бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г. Т. Таласпаеваның қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.
Кездесуге офлайн форматта 130-дан астам педагог пен мектеп басшылары қатысты, сондай-ақ онлайн-режимде талқылауға ауданның 45 білім беру ұйымдарының ұжымдары қосылды.
Отырыс барысында білім беру саласындағы маңызды мәселелер қаралды:
– Білім сапасы туралы- Г. Т. Таласпаева айтып өтті
– Балалардың құқықтарын қорғау және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу туралы-Каппасова А. А., АӘК әдіскері.
– III тоқсанның қорытындысы және білім сапасы туралы-Г. М. Кусаинова, АӘК меңгерушісі.
-МОДО мен PISA – 2025-ке дайындық туралы-Баймаганбетова И. Е., АӘК әдіскері.
– Мектептерді мемлекеттік аттестаттау туралы-Есимова С.Б., бөлімнің бас маманы.
– Педагогтарды аттестаттау туралы-Калыбаева З.К., АӘК әдіскері.
– “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру туралы-Ахметова А.Б., АӘК әдіскері.
– Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау туралы.
– Білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Э. М. Карабаева айтып, қорытындылады.
Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі жұмыстың басым бағыттары айқындалды, кеңестің ұсынымдары мен жоба-шешімдері берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973179?lang=kk

Жауап қалдыру